Технологияларды коммерцияландырудың 2-кезеңіне арналған инновациялық гранттарға өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы

«QazInnovations» Инновациялық даму ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «Өндірісті іске қосу (енгізу және қолдау) және оны нарыққа енгізу (коммерцияландыру)» жобаны іске асырудың 2 кезеңіне технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беруге конкурсы бойынша құжат қабылдау ұзартылғаны туралы хабарлайды.

Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 29 тамызына дейін 18:00-ге дейін ұзартылды.

Байқаудың шарттары мен талаптары туралы толығырақ мына сілтеме бойынша біле аласыз: https://qazinn.kz/ru/granty/kommercializaciya-tehnologij-1.

Тіркелу және өтініш беру үшін сілтеме бойынша өтіңіз: https://astanahub.com/ru/l/2ndtechCommercialization

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7-775-623-14-22, +7-705-818-61-64, +7 (7172) 72-55-83 (ішкі 305).