Сатып алу
Құқықтық құжаттар
Осымен «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталында жүзеге асыратынын назарларыңызға ұсынамыз.
Мүдделі әлеуетті өнім берушілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеліп және өткізіліп жатқан сатып алуларға қатыса алады.
Барлық сатып алулардың қорытындылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында мына мекен-жай бойынша орналастырылады: www.goszakup.gov.kz
«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ сатып алуларды «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.