Технологияларды коммерцияландыруға жобаны іске асырудың 2-ші кезеңіне инновациялық гранттар беру бойынша конкурсын жалғастыру туралы хабарландыру

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен технологияларды коммерцияландыруға «Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» жобасын іске асырудың 2-ші кезеңіне инновациялық гранттар беру бойынша конкурстың басталатыны туралы хабарлайды.

Инновациялық грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 7 тамыз сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі (Астана қ. уақыты бойынша).

Конкурстың шарттары және талаптарымен келесі сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: https://qazinn.kz/ru/granty/kommercializaciya-tehnologij-1.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша жүгінуге болады:+7-775-623-14-22, +7 (7172) 72-55-83 (ішкі 303).

01.08.2023 ж.