Технологияларды коммерцияландыруға жобаны іске асырудың 1-ші кезеңіне инновациялық гранттар беру бойынша конкурстың басталатыны туралы хабарландыру

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен технологияларды коммерцияландыруға «Өнімді жетілдіру және жобаның инвестицияларды тартуын қоса алғанда, коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» жобасын іске асырудың 1-ші кезеңіне инновациялық гранттар беру бойынша конкурстың басталатыны туралы хабарлайды. Инновациялық грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге беріледі. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 шілдесі мен 10 тамызы аралығында сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі (Астана қаласының уақыты бойынша). Конкурстың шарттары және талаптарымен келесі сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: https://qazinn.kz/ru/granty/kommercializaciya-tehnologij-1. Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша жүгінуге болады:+7-775-623-14-22, +7 (7172) 72-55-83 (ішкі 303).