«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен технологияларды коммерцияландыруға «Өнімді жетілдіру және коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» жобасын іске асырудың 1-ші кезеңіне инновациялық гранттар беру бойынша конкурс ұзартылады.
Инновациялық грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге беріледі.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 15 мамырына дейін сағат 18:00-ге дейін ұзартылады.
Конкурстың шарттары және талаптарымен келесі сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: https://qazinn.kz/ru/granty/kommercializaciya-tehnologij-1.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша жүгінуге болады:+7-775-623-14-22, +7 (7172) 72-51-97 (ішкі 303).