Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы (1-кезең)

"QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен "Өнімді пысықтау және коммерцияландыру стратегиясын, оның ішінде инвестицияларды тарту жөніндегі стратегияны әзірлеу" жобасын іске асырудың 1 кезеңіне технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, өтінімдерді қабылдау кезеңі 8 сәуірде басталып, 2024 жылғы 8 мамырда сағат 18:00-де аяқталады.

Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге беріледі.

Конкурстың шарттары мен талаптарымен толығырақ мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://qazinn.kz/ru/granty/kommercializaciya-tehnologij-1

Конкурсқа қатысуға өтінімді портал арқылы бере аласыз: https://astanahub.com/ru/l/meanofsupportQazInnovations

Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттардың талаптары мен шарттарын түсіндіру бойынша консультациялар тұрақты негізде дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 15.00-де мына сілтеме бойынша өткізіледі: https://zoom.us/meeting/register/tJAof-GgqT8pHdLcbQ7dzSm_nR6Y2K

Платформада тіркелу, электрондық қолтаңбаны байланыстыру, электрондық поштаны қосу және өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулар:

https://docs.google.com/document/d/1YYByjopVJxzsXWrLiOXpIFhU6u0EsUKNuiu0MSb_Fvw/edit?usp=sharing

Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласа аласыз: +7-775-623-14-22, +7 (7172) 72-55-83 (ішкі 307).