Өтінімдерді қабылдау мерзімін 2023 жылдың 1 тамызына дейін ұзарту туралы хабарландыру

«QazInnovations» Инновациялық даму ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «Өндірісті іске қосу (енгізу және қолдау) және оны нарыққа енгізу (коммерцияландыру)» жобаны іске асырудың 2 кезеңіне технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беруге конкурсы бойынша құжат қабылдау ұзартылғаны туралы хабарлайды.

Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 тамызына дейін 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) ұзартылды.

Байқаудың шарттары мен талаптары туралы толығырақ мына сілтеме бойынша біле аласыз: https://qazinn.kz/ru/granty/kommercializaciya-tehnologij-1.

Кеңес алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://docs.google.com/forms/d/1FWfw76TtQfsBbKMYWluESPeKux5tzcq6xvYxTwcTTHY/edit.

Тіркелу және өтініш беру үшін сілтеме бойынша өтіңіз: https://portal.qazinn.kz/ru

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7-775-623-14-22, +7 (7172) 72-55-83 (ішкі 303).