2025 жылы инновациялық гранттар беру бойынша конкурстың басталатыны туралы хабарландыру

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен технологияларды коммерцияландыруға «Өнімді жетілдіру және жобаның инвестицияларды тартуын қоса алғанда, коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» жобасын іске асырудың 1-ші кезеңіне инновациялық гранттар беру бойынша конкурстың басталатыны туралы хабарлайды.

Инновациялық грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 21 сәуірден 22 мамыр аралығында сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.

Грант алуға өтінім беретін жобалар үшін міндетті шарт жасанды интеллектті пайдалану немесе енгізу болады: ұсынылған шешім AI-технологияларға негізделген модульді немесе кіші жүйені қамтуы тиіс, әдістердің міндетті сипаттамасы, модельді тестілеу нәтижелері және оны қолданудың негіздемесі.

Конкурстың шарттары және талаптарымен келесі сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: https://qazinn.kz/ru/granty/kommercializaciya-tehnologij-1.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша жүгінуге болады:+7-775-623-14-22, +7 (7172) 72-55-83 (ішкі 307).