"Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға және салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларына шараларының тиімділігін жақсартуға және арттыруға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) және «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің (бұдан әрі – Министр) 2024 жылғы 16 ақпанда Министрдің 2020 жылғы 5 қазандағы №370/НҚ және 2020 жылғы 1 қазандағы №364/НҚ бұйрықтарымен бекітілген жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға және салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларына мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін жақсартуға және арттыруға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 73/НҚ және № 74/НҚ бұйрықтарына қол қойды.
Келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №1008 жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік қолдау шарасын алушылар үшін кіріс шарты ретінде базалық критерий енгізілді;
- «Инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау туралы Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі №339/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 683/НҚ бұйрығына сәйкес басым бағыттардың тізбесі «Әлеуметтік инновациялар» бағытымен толықтырылды.