Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру конкурсын ұзарту туралы хабарландыру

«Qazinnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру конкурсының ұзартылғаны туралы хабарлайды.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттар оң экономикалық нәтиже алу мақсатында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу жолымен, оның ішінде технологиялар трансфертін пайдалана отырып, кәсіпорынды дамыту жөніндегі технологиялық міндеттерді шешу үшін беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 10 тамыз 18:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) ұзартылады.

Конкурстың шарттары және талаптары туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша: https://qazinn.kz/ru/granty/tehnologicheskoe-razvitie.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады: +7-775-623-14-22, +7 (7172) 72-55-83 (ішкі 307, 308).