Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру бойынша конкурстың басталатыны туралы хабарландыру

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру бойынша конкурстың басталатыны туралы хабарлайды.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар оң экономикалық нәтиже алу мақсатында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу, оның ішінде технологиялар трансфертін пайдалану арқылы кәсіпорынды дамыту бойынша технологиялық мәселелерін шешу үшін беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 5 маусымы мен 10 шілдесі аралығында сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі (Астана қаласының уақыты бойынша).

Конкурстың шарттары және талаптарымен келесі сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: https://qazinn.kz/ru/granty/tehnologicheskoe-razvitie.

Кеңес алу үшін сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://docs.google.com/forms/d/1FWfw76TtQfsBbKMYWluESPeKux5tzcq6xvYxTwcTTHY/edit.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша жүгінуге болады:+7-775-623-14-22, +7 (7172) 72-55-83 (ішкі 303).