Жаңашыл ойлау мәдениетін оқу орындарынан енгізуді бастау керек.
Біздің жастарымыз қай салада болмасын, тапқырлықтың мәнін, жаңашылдыққа ашықтық пен пайдалы өнім жасауға қаншалықты тезірек қанықса, соғұрлым елдің технологиялық өркедеу мүмкіндігі жоғары болады. Осы мақсатты ұстанған жоғары оқу орындары инновация орталығына айналуы мүмкін. 2022 жылдың 20-21 қаңтарында Алматыда өткен "Университет ғылымының дамуы Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті алғышарты" атты конференцияда ғылымды, инновацияны дамыту және әртараптандырылған, технологиялық экономиканы құрудың маңыздылығы талқыланды. Пленарлық отырыста QazInnovations Ұлттық агенттігі Басқармасының төрағасы Санат Аханов өз көзқарасымен бөлісті. Атап айтқанда, отандық жоғары оқу орындарының базасында инновациялар бойынша курс әзірлеу ұсынылды: «Білім беру ұйымдарының бағдарламаларында инновациялар бойынша курс әзірлеу ұйымдастырған жөн, бағдарлама оқыту тех.аудит, маркетинг, зияткерлік меншікті қорғау, технологиялар трансферті, акселерация және т.б.қамтитын болады.». Өз кезегінде оқу орнының өзі өнертапқыштар, стартапшылар және ғалымдар үшін форпостқа айналады. Мұнда олар өз әзірлемелерін іске қосу, коммерцияландыру және ілгерілету тұрғысынан білімдерін байыта алады. Одан әрі, инноваторлар/ғалымдар өз идеяларын әзірлеп, дайын прототипке (өнімге) айналдыра алуы үшін университеттерде халықаралық тәжірибені мысалға ала отырып, прототиптеу зертханалары – FabLabs құру ұсынылады. Осындай зертханалар көптеген жоғары оқу орындарында бар, бірақ олар үшінші тарап инноваторлары үшін әрқашан қол жетімді болмауы мүмкін. Ең бастысы, шағын тиражда прототип жасау мүмкіндігі туралы бәрі бірдей біле бермейді. «Сондықтан мен бірге жиналуға және біздің қолданыстағы FabLab-та не жетіспейтінін талдауға шақырамын. Оны пысықтап, жұмыс тобын құрып, қажеттілікке егжей-тегжейлі аудит жүргізіп, бюджеттік өтінімді қалыптастырайық. Осыдан кейін еліміздегі жоғары оқу орындарының бірінде пилотты іске қосамыз. Біз бұл бастаманы қолға алуға дайынбыз», — деді Санат Аханов. Агенттік ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, аймақтық экожүйені дамытуға үлкен көңіл бөледі. 2022 жылы республика облыстарында акселерация бағдарламалары бар инновациялық хабтар сәтті іске қосылды. Қатысушылар арасында мектеп оқушылары мен университеттер және колледждердің студенттері де бар, олардың 7%-ы (500 адам) бизнес-инкубациялаудан өтті, нәтижесінде инвесторларды тарта отырып соңғы Demo Day-де 100 стартап-идея іріктелді және марапатталды. Жеке командасы тәжірибелік зертханасы және мемлекеттік қолдау шараларының жүйесі бар жергілікті бизнес-инкубаторлар, бұл өз өнертабыстарын іске қосқысы келетіндер үшін пайдалы құрал және жақсы бастама. Жоғарғы оқу орындары бұл бастамаға белсенді түрде қосылуы керек. Өз тарапынан Агенттік қаржылық және әдістемелік қолдау көрсетеді. QazInnovations басшысы сондай-ақ университеттердегі ғылым мен инновацияларды қаржыландырудың ең тиімді мүмкіндіктерінің бірі – түлектердің қайырымдылық қаражаты есебінен қалыптасатын Endowment Funds қорларын атап өтті. Тіпті егер кейбір оқу орындарында мұндай ұйымдар бар болса да, олар артығырақ кеңейтілген тәсілді қажет етеді. Инновациялар саласындағы мемлекеттік саясатты қолдау бойынша ұлттық институты ретінде QazInnovations жан-жақты жұмыс істеуге және барлық салаларда да көмек көрсетуге дайын. Агенттік бағыттарының бірі инновациялық жобаларды гранттық қаржыландыру болып табылатындығын айта кету керек. Прогрессивті ойлау, жаңашылдық бағытындағы кешенді тәсіл инновациялық жаңалықтарды идеядан нарыққа жылжытуға, сәйкесінше коммерцияландыруға дейін өсіп жетілуге мүмкіндік береді. Одан әрі, инфрақұрылым мен грант түріндегі мемлекеттік қолдаудан бөлек, инвесторлар тарапынан көңіл бөлу де маңызды болып табылады.