Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде "GreenTech" стратегиялық форсайт-сессиясы аясында ғалымдар, сарапшылар, бизнес өкілдері жаңартылатын энергия көздері саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті және технологиялық міндеттерді шешу бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
"QazInnovations" АҚ Басқарма төрағасы Санат Аханов айтқандай "барлық мемлекеттер "жасыл технологияларды" дамытуға басымдық беруде, Қазақстан да бұл тенденциядан қалар емес". Мұндай технологиялардың артықшылықтары қоршаған ортаның ластануымен, жаңартылатын энергиямен, энергетикалық күштерден тәуелсіздікпен, ұзақ мерзімді бақылау құны бойынша артықшылықтарымен көрінеді.
Көтерілген мәселелердің қатарында жаңартылатын энергия көздерін қолданыстағы электр және жылумен жабдықтау желілерімен интеграциялау, сутекті қауіпсіз сақтау және тасымалдау технологиясының қажеттілігі, баламалы және сутегі энергетикасы бар.