Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға «QazInnovations» ИДЖҰА» АҚ мен «Ғылым қоры» АҚ қол қойды. Меморандумға «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының басты ресурсы» атты Ғылым және жоғары білім форумы аясында қол қойылды. Тараптар инновациялық технологиялар саласындағы озық тәжірибе мен біліммен алмасу, тараптарды өңірлік және халықаралық аренада өзара ілгерілету, сондай-ақ Қазақстандағы инновацияларды дамыту бойынша бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру туралы келісті. Еске салайық, Ғылым қоры отандық ғылыми әзірлемелерді нақты секторға енгізуді қолдауға бағытталған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін гранттық қаржыландыру операторы ретінде әрекет етеді. Бұл ғалымдарға өз әзірлемелерінен коммерциялық табыс алуға, экономиканың нақты мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.