ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

29 наурызда "QazInnovations "инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы Санат Жолдыхан ядролық физика институтына жұмыс сапарымен барды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен және әкімдіктердің жоғары басшылығымен бірге атом өнеркәсібіндегі еліміздің осы жетекші ғылыми ұйымының ғылыми-өндірістік қызметімен танысты, Қазақстандағы жалғыз ВВР-К стационарлық ғылыми-зерттеу реакторын, иондаушы сәулеленудің пайдаланылған көздеріне арналған қойманы аралады. Сондай-ақ, ВВР-К зерттеу реакторының қуаттылығына шығатын іске қосу салтанатты іс-шарасының куәсі болды, осындай маңызды сәтті Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке сеніп тапсырылды.

Жұмыс сапары Бас директор Саябек Сахиевтің институттың ғылыми-техникалық қызметі туралы таныстырылымынан басталды. Институттың бас директоры институттың құрылу тарихы, негізгі 11 негізгі электрофизикалық қондырғылар, институттың ядролық және радиациялық технологияларды әзірлеу және қолдану, медицина мен өнеркәсіпке арналған радиоизотопты өнімдерді өндіру және т.б. сияқты маңызды бағыттары, ғылыми қызметкерлердің жарияланымдық жетістіктері туралы айтып берді. Саябек Сахиев Институт 5 жыл бойы Web of Science дерекқорында жарияланған жұмыстар саны бойынша ҚР ғылыми-зерттеу институттары арасында бірінші орында тұрғанын хабарлады.

Өз сөзінде Бас директор институттың Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадрлар даярлауда орасан зор тәжірибесі бар екенін атап өтіп, институт базасында АЭС үшін мамандар даярлау үшін барлық қажетті инфрақұрылым, атап айтқанда, зерттеу стационарлық реакторы, сыни стенд, түрлі үлгідегі үдеткіштер бар екенін атап өтті. Сондай-ақ Институт базасында АЭХА қолдауымен үш оқу орталығы жұмыс істейді, олардың қызметі атом саласы үшін кадрлар даярлау болып табылады. Институт қызметімен танысу аясында пайдаланылған гамма-сәулелену көздерін және нейтронды сәулелену көздерін ұзақ уақыт сақтауға арналған қоймаға барды. Бұл қойма 2022 жылы пайдалануға берілді және САЙЛО типіндегі 12 ұяшықтан тұрады. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу реакторының техникалық сипаттамаларымен танысты.

WhatsApp Image 2024-04-08 at 10.44.06.jpeg

WhatsApp Image 2024-04-08 at 10.44.07 (1).jpeg