«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ өтінім берушілердің өтінімдерді толтырудың дұрыс еместігі туралы көптеген өтініштеріне байланысты*, 2024 жылғы 8 сәуір мен 15 мамыр аралығында өткізілген 1-ші кезеңге технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру конкурсына қатысқан барлық үміткерлерге «Өнімді нақтылау және коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» жобасы бойынша бір жұмыс күні ішінде, 2024 жылғы 29 мамырда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін өтінімдерді қайта жіберу мүмкіндігін береді.
Бұл ретте гранттық қаржыландыру жөніндегі Кеңестің отырыстарында бұрын тыңдалған өтінімдер мен конкурс шеңберінде бұрын қабылданбаған барлық жаңа өтінімдер кері қайтарылатынын хабарлаймыз.
Өтініштер ҰАЖ БТ порталында қабылданады: https://astanahub.com/ru/l/meanofsupportQazInnovations.
1-кезеңде технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру конкурсына өтінім бермес бұрын Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларымен танысуыңызды сұраймыз: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021367.
Кеңес алу үшін телефон нөмірлері: +7-775-623-14-22, +7-705-818-61-64, +7 (7172) 72-55-83 (вн. 303).
*Өтінімдерді толтыру кезінде жиі кездесетін қателер:
- Бизнес құрылымын дұрыс толтырмау – «Жабдықтарды сатып алу», «Маркетинг шығындары» және «Іссапар шығындары» технологияларды коммерцияландырудың 1-ші кезеңінде қолдау көрсетілмейді.
- «Коммерцияландыру жөніндегі маман» тобының мүшесі болмаған жағдайда өтінім қабылданбайды.
- Егер жобаның MVP жоқ болса немесе жобаның MVP қол жеткізу мүмкіндігі болмаса (жобаның MVP функционалдығын тексеру мүмкіндігі жоқ: жобаның MVP сілтемесі жоқ, веб-сайтқа/қосымшаға сілтеме жұмыс істемейді), өтінім қабылданбайды.