![](https://qazinn.kz/storage/app/uploads/public/642/bfd/c51/thumb_92_400_0_0_0_auto.jpg)
Ақтауда Qazinnovations басшылығының бірнеше кездесулері өтті, онда: Маңғыстау облысы бойынша «Атамекен» ҰКП директоры Рашит Мұстапаевпен; Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры - Берік Ахметовпен Qazinnovations гранттары мен инкубациялау бағдарламасы және инвестиция тарту мәселелері қызу талқыланды. Тараптар ынтымақтастық және бизнес - қоғамдастықты тарту туралы келісті. Өз кезегінде өңірдің жетекші Mediana Services Limited IT-компаниясы бизнестің дамуы мен еліміздің түкпір-түкпірінде технология мен инновация салаларын дамытудың маңыздылығы туралы айтты. Стартаптармен кездесуде жобалар талқыланды және тыңдалды, питчингтер өткізілді.