Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың ықтимал векторлары, соның ішінде келесі:
● Қазақстан-Қытай инновациялық даму қорын құру;
● технологиялар трансферті;
● Қазақстан мен Қытайдың кәсіпкер қоғамдастықтары арасындағы екіжақты байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.
Бұл іс-шаралардың мақсаты: Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа, қазақстандық экономиканы жаңғырту және дамытуға, мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жәрдемдесу. Анықтамалық: ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қытай технологиялар трансферті орталығы 2020 жылы ҚХР Ғылым және технологиялар министрлігінің бастамасы бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында құрылған. Негізгі міндет технология, ғылым, мәдениет, экономика және сауда салаларындағы көпжақты халықаралық ынтымақтастық арналарын кеңейтуге арналған алаңмен қамтамасыз ету болып табылады.