Біздің еліміз шикізаттық деңгейден жоғары технологиялық деңгейге өтуі керек, өйткені оның адами ресурстары мен инновациялық жобалар түріндегі зор әлеуеті бар. Оған мысал - С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Алматы) қабырғасында өткен ғылыми әзірлемелер көрмесі, оған QazInnovations Ұлттық агенттігінің басшысы Санат Аханов барып қайтты. Мұнда университет ғалымдарының ғылыми қызметінің жетістіктері көрсетілген. Барлық әзірлемелер медицинада практикалық қолдануға бағытталған және кеңейтуге, өндіріске енгізуге және коммерцияландыруға дайын. Университет ректоры Марат Шорановтың сүйемелдеуімен QazInnovations басшысы әзірлемелердің автор-ғалымдарының баяндамаларымен егжей-тегжейлі танысты. Одан әрі делегация Б. Атчабаров атындағы ФҚМ ҒЗИ Геномдық зертханасы мен Виварийінде болды. Кездесу барысында Санат Аханов елге пайдалы инновациялар мен технологияларды іздеу және қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті: "Біз тауашаларды, өнімдер мен қызметтерді құрудың әлеуетін анықтауымыз керек. Қайда және қанша инвестициялау керектігін түсінуіміз керек". Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес негізгі бағыттарды анықтады, олардың ішінде медицинадағы технологияларды дамыту бағыты – MedTech. Республиканың жетекші медициналық мекемелерімен бірлескен жұмыс денсаулық сақтау саласына озық тәжірибе мен инновациялық жобаларды енгізудің қажеттіліктерін, жай-күйі мен мүмкіндіктерін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.