
Инновациялық гранттарды алу және енгізу механизмі бойынша сауалнамаға қатысуыңызды сұраймыз.
Сауалнама мақсаты: кері байланыс алу және инновацияны мемлекеттік қаржылық қолдаудың ағымдағы шараларының тиімділігін бағалау. Сауалнама нәтижелері Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеуге негіз болады.
Сауалнамаға сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdo-BCQucz-I5dLgMe3vvZa3FfrkKV93OWVVETBO1TicK0i3A/viewform?usp=dialog
Анықтама үшін: Сауалнамада Кәсіпкерлік кодекстің 241-9-бабына сәйкес инновациялық гранттар түсінігіне келесі түрлері жатады:
- Технологияларды коммерцияландыру;
- Кәсіпорындардың технологиялық дамуы;
- Салалардың технологиялық дамуы.
Зерттеу нәтижелері аналитикалық және ғылыми мақалалар жазуда, докторлық диссертацияда және «QazInnovations» инновациялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ қызметінде пайдаланылады.
Осыған орай, Сіздерді көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының сапасын және олардың тиімділігін арттыру бойынша тәжірибелеріңіз бен пікірлеріңізбен бөлісуге шақырамыз. Сіздің пікіріңіз бұл зерттеу үшін өте маңызды. Жауаптарыңыздың ашықтығы мен объективтілігі үшін алғысымызды білдіреміз.
Сауалнама нәтижелері анонимді түрде сақталады және талданады, олардың құпиялылығына кепілдік беріледі және сәйкестендіру деректерінсіз жалпыланған түрде пайдаланылады.
Сауалнама сіздің уақытыңыздың шамамен 10 минутын алады.
Сұрақтарыңыз болса, төмендегі контактілерге хабарласыңыз.
Барлыбаева Әлия Саятқызы
Телефон: +77022560597
e-mail: aliya240289@gmail.com
Қатысқандарыңызға рахмет!