ҚР ЦДИАӨМ-де Agile-трансформацияны іске қосу: басқарудағы жаңа кезең

2024 жылғы 19 шілдеде Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ҚР ЦДИАӨМ-ге Agile-трансформацияның іске қосылғаны туралы хабарлады. QazInnovations Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің Басқарма Төрағасы Санат Жолдыханұлы министрлік ұжымына Agile мәнін егжей-тегжейлі түсіндіріп, оны министрлікте енгізу жөніндегі әлемдік тәжірибемен және жоспарлармен бөлісті.

Agile - бұл қызметкерлердің мотивациясын, тиімділігін арттыруға және өзгерістерге реакцияны жеделдетуге көмектесетін басқарушылық инновация. Бұл икемді басқару әдістері процестерді оңтайландырады және өнімділікті арттырады. 'Біз икемді болуымыз керек. Agile - бұл сән-салтанат емес, өмір сүру жүйесі сияқты. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер өзгерістерге, үлкен өзгерістерге бейімделуі керек. Agile енгізу бойынша пилоттық жоба мемлекеттік аппараттағы операциялық қызметтің тиімділігін жақсартуға бағытталған. Бұл мысал барлық мемлекеттік органдарда масштабтау үшін негіз болады деп үміттенеміз", - деді Санат Жолдыханұлы.

WhatsApp Image 2024-07-30 at 11.27.00.jpeg

WhatsApp Image 2024-07-30 at 11.27.00 (2).jpeg