QazInnovations Ұлттық агенттігі MedTech бағыты бойынша Технологиялық болжамдау бойынша аралық есепке арналған бірінші Дөңгелек үстел ұйымдастырды. Біздің сараптамашылар әзірлеген құжат саланың болашағына әсер ете алатын медицина саласындағы соңғы технологиялық трендтер мен әзірлемелер туралы ақпаратты қамтиды. Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның инновациялық экожүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ кері байланыс алу. Қатысушылар арасында: медицина мамандары, ғалымдар, фармацевтика саласының өкілдері, медициналық техника, мемлекеттік органдар, оқу орындары және кәсіпкерлер. Кездесу презентациялар мен дискуссиялар форматында өтті. Ең қызу сұрақтар көтеріліп, есеп бойынша алдын ала қорытындылар мен пікірлер талқыланды. Барлық айтылған ұсыныстар назарға алынады және жұмысқа қабылданады. Өткен дөңгелек үстел медицина мен денсаулық сақтаудағы инновацияларды дамытуға үлкен үлес қосатын, жүргізіліп жатқан зерттеулер маңыздылығының анықтауышы болды.