Біздің грант алушыларымыз назардан тыс қалмайды. QazInnovations командасы Орион Система (Алматы қ.) компаниясының өндірістік алаңында болды. 2018 жылы ол технологияларды коммерцияландыру грантының иегері атанған болатын. Қазіргі уақытта заттар интернеті үшін (адамның қатысуынсыз әртүрлі құрылғылар арасындағы байланысты қамтамасыз ету) LORA WAN стандарты радиоаппаратурасының (беру арнасы) бергіш жүйесін (оның ішінде орналасқан жерді бақылау жүйесінің бергіші, көше жарығын басқару жүйесі, қауіпсіздік жүйелерінің басқару панелі) шығару іске қосылды. Өндіріс жоғары технологиялық жабдықта ұйымдастырылған. Өнімдер үлкен сұранысқа ие. Компания өкілдері жұмыс барысымен Ұлттық агенттігі басшысына Санат Ахановқа таныстырды. Жақын арадағы перспективада өндірісті кеңейту және осы мақсатта - Qazinnovations грантының басқа түріне конкурсқа қатысу жоспарланып отыр.