Жасыл технологияларды дамыту бірлескен ынтымақтастықсыз мүмкін емес. QazInnovations GreenTech жобаларын сәтті жүзеге асыру үшін серіктестер шеңберін кеңейтеді. Осындай серіктестер қатарына ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған Қазақстанның табиғатты қорғау ұйымдарының қауымдастығы қосылды. "Сіздерге табыс, алға қойған мақсаттарыңызға шығармашылық көзқарас тілеймін. Менің ойымша, бәрі сіздің көзқарастарыңызға байланысты. Өйткені барлығы еліміз, болашақ ұрпақ үшін жасалып жатыр. Бірлесіп жұмыс жасаймыз, зерттеулермен бөлісеміз, қажет болса жұмысқа тартамыз. Бұл жемісті ынтымақтастық болмақ», – деді кездесу барысында Экологиялық ұйымдар қауымдастығының Басқарма Төрайымы Айгүл Соловьева. Тараптар қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тұрақтылық саласындағы озық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ GreenTech бағыты бойынша технологиялық болжау аясында күш біріктіруге келісті. Қауымдастықтың негізгі міндеттерінің бірі жасыл технологияларды енгізуге, инновацияларды ілгерілетуге және тұрақты даму қағидаттары бойынша қалаларда экологиялық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу болып табылады.