"QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу үшін бизнес-инкубаторларды іріктеу жөніндегі конкурстың жақын арада басталатыны туралы хабарлайды

QazInnovations инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және Инновациялық обсерватория болып табылады, QazInnovations негізгі міндеттерінің бірі бизнес-инкубациялау, стартаптарды жеделдету бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыру болып табылады.

Мақсаты - кәсіпкерлік мәдениет деңгейін арттыру, кәсіпкерлікті қолдауды кеңейту және ШОБ саласында білікті кадрлар даярлау үшін бизнес-инкубаторларды қолдау.

Өтінімдерді қабылдау жоспар бойынша 2023 жылдың 10 сәуірінен бастап 10 мамыр күні, Астана қ. уақыты бойынша, сағат 18.00-де аяқталады. Байқау шарттары туралы толығырақ мына сілтеме бойынша оқи аласыз https://qazinn.kz/kz/podderzhka.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер электрондық портал арқылы қабылданатын болады https://portal.qazinn.kz. Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін барлық түсіндіру жұмыстары ZOOM алаңында жүргізілетін болады. Тіркеуге сілтеме https://forms.gle/RGpXxsRRh8xoNtwGA.

Ақпаратты зерттегеннен кейін сұрақтар туындаған жағдайда +7 (7172) 72 55 83 (вн. 208, 205) телефондары арқылы және https://web.telegram.org/k/#@BiQazInnovations телеграмм каналы бойынша жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін кеңес алуға болады.