Достар, сіздерге керемет жаңалығымыз бар! Үкіметтің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 321 қаулысына сәйкес «QazInnovations ИДЖҰА» АҚ инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты болып айқындалды! Бұл бастамалар QazInnovations-тың инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты ретіндегі рөлін күшейтеді. Атап айтқанда:
- мемлекеттік технологиялық саясатты құру және жүзеге асырудағы жұмыстар күшейтіледі;
- технологиялық платформаларды, технологиялық құзыреттiң салалық орталықтарын дамытуды үйлестiру және инновациялық қызметтi танымал ету функциялары бекітілді;
- бизнес-инкубаторлардың қызметін қолдау бойынша бағдарлама қайта іске қосылды;
- Инновациялық обсерватория шеңберінде ұлттық инновациялық жүйені аналитикалық бағалау бойынша жұмыс күшейтілді. Атап айтқанда, Инновациялық обсерватория аясында инновацияларды өлшеу жүйесін, бизнес пен ғылымды қолдау шараларын реттеу, ел Үкіметіне инновациялық саясатты жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыстар жоспарлануда. Біз өз тарапымыздан QazInnovations инновациялар саласындағы ұлттық даму институты ретінде нарықтың барлық стекхолдарымен ұлттық жүйені дамыту бойынша ұсыныстарды талқылау үшін әрқашан ашық екенін атап өтеміз.