2023 жылғы 4 желтоқсанда «QazInnovations» ИДЖҰА АҚ Басқарма төрағасы С.Ж. Аханов цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі, сондай-ақ Цифрлық үкіметті қолдау орталығының өкілдерімен бірге Назарбаев Университеті жанындағы ISSAI (Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence) сапарында болды.
ISSAI жасанды интеллектті зерттеу саласындағы Қазақстанның цифрлық саласындағы зерттеулер мен инновациялардың қозғаушы күші ретінде қызмет ету мақсатында 2019 жылдың қыркүйегінде құрылды. Назарбаев Университетінің C4 зерттеу корпусында орналасқан Институт өнеркәсіп пен қоғамның нақты мәселелерін шешу үшін машиналық интеллект саласында пәнаралық зерттеулер жүргізеді.
Кездесу барысында робот прототипінің техникалық әзірлемелері, қазақ тілінде, сондай-ақ түркі елдерінің тілдерінде дауысты мәтінге және мәтінді дауысқа өңдеуге мүмкіндік беретін жасанды интеллект саласындағы заманауи шешімдер көрсетілді.
Сондай-ақ Umay – ЖИ жұмысымен қазақ тіліндегі интерфейсі бар көмекшінің прототипімен танысты.
Институт директоры Хусейн Варол Атаканмен ЖИ саласындағы істердің қазіргі жағдайы және оның Қазақстандағы даму перспективалары талқыланды.