QazInnovations ХТИИ жанындағы аймақтық бизнес-инкубаторды ұйымдастыруға қаржылық қолдау көрсетті

«ITII HACKATHON-2023» бірінші аймақтық форумы Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында (ХТИИ) өтті. Оған ЖОО студенттері, колледж, мектеп оқушылары және IT-мамандар, тәлімгерлер қатысты. Талаптар бойынша үміткерлер 2 аптадан астам уақыт ішінде демеушілер ұсынған тапсырмаларды: мобильді қосымшаны, чат-ботты, сайтты әзірлеу және т.б. шешуі керек еді. Қорытындысында : 💢Жуалы ауданының №11 орта мектебінің 10 сынып оқушыларының «GOLDEN BAJ» командасы «Тараз қаласында мобильді қосымша әзірлеу» жобасымен. жеңімпаз атанды. Команда мүшелері ХТИИ-дің білім грантына ие болды; 💢Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің «BCC Chat bot» студенттерінің командасы. 500 мың теңге көлеміндегі жүлдені; 💢фрилансерлерге арналған платформа әзірлеген «Besties» дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің командасы 250 мың теңге жүлдені жеңіп алды; 💢Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «Ctrl C» командасы шетелде білім алу платформасы үшін 200 мың теңге ақшалай сыйлық алды. Қазылар алқасының мүшелері талаптарға сәйкес орындалған басқа жобаларды да ынталандырды. 2022 жылы QazInnovations ХТИИ жанындағы аймақтық бизнес-инкубаторды ұйымдастыруға қаржылық қолдау көрсетті.