«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі өзінің қолайлы көрсеткіштерімен бөлісті, ол жергілікті өсімдік шикізаттарының фармакологиялық белсенді қосылыстары негізінде жаңа парадонтозға қарсы дәрі-дәрмекті өндіру технологиясын әзірлеуді сәтті аяқтады және стоматологиялық тәжірибеде пайдалану үшін өнім өндірісін ұйымдастырды. 2016 жылы QazInnovations-пен 95 миллион теңге сомасына келісім- шарт жасалған. Холдинг өкілдері QazInnovations қабырғасында өткен кездесуде грантты іске асыру нәтижелері мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жобаның жетістіктері әлеуметтік-экономикалық мәнге ие және оны профилактика мен емдеудің қолжетімді, экологиялық таза құралдарымен қамтамасыз етуден тұратын халықтың денсаулығы мен әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту мәселесін шешуге ықпал етеді. Жаңа отандық препарат ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін коммерцияландыру арқылы түпнұсқалық дәрілік препараттардың ассортиментін кеңейтеді. Қазіргі уақытта фармацевтикалық компаниялармен, дәріханалар желісімен және стоматологиялық емханалармен келісім-шарттар жасалды. Препараттың нарықтық құны шетелдік аналогтардан 2-2,5 есе төмен.