«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында MedTech бағыты бойынша технологиялық аудит жүргізе отырып технологиялық болжау (Форсайт) өткізуді жоспарлап отыр. Форсайтты сапалы өткізу мақсатында медицина саласының салалық сарапшыларын, халықаралық сарапшыларды, сондай-ақ екі үйлестіруші-сарапшыларды тарту жоспарлануда. Қазір «QazInnovations» Форсайт өткізу үшін топ құрып жатыр. Осыған байланысты үйлестіруші - сарапшыларға конкурс жарияланады. Форсайт зерттеулерін өткізу/қатысу тәжірибесі бар, зерттеу тұжырымдамасын әзірлей алатын, басқа сарапшылардың жұмысын ұйымдастыратын және соңында - нысаналы технологиялық бағдарлама әзірлей алатын мамандар қажет. Түйіндемеңізді info@qazinn.kz ресми мекенжайына жіберуіңізді сұраймыз.