15 маусымда Qazinnovations Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің басқарма төрағасы Санат Аханов Петербург халықаралық экономикалық форумында (ПХЭФ 2023) Қазақстан мен Ресей арасындағы инновациялық жобалардың интеграциясын жақсартуға мүмкіндік беретін бірқатар келісімдерге қол қойды.
«Технологиялық жобаларды өсіруге қатысты жобаларды жүзеге асырудағы бірегей тәжірибе және Ұлттық чемпиондар бағдарламасы Қазақстанға елдің қарқынды дамып келе жатқан инновациялық компанияларын қолдауды күшейтуге мүмкіндік береді» - деді Санат Аханов.
Атап айтқанда, Технологиялар трансфертінің ұлттық қауымдастығымен, «Жылдам дамып келе жатқан технологиялық компаниялар (ұлттық чемпиондар)» қауымдастығымен, «Иннопрактика» мемлекеттік емес даму институтымен ынтымақтастық туралы құжаттар жасалды.