QazInnovations Басқарма Төрағасы Санат Аханов бастаған мамандар мен агроөнеркәсіп жетекші өкілдері саланың өзекті мәселелерін бірге талқылады. Кездесу «Ауыл» партиясы басшылығының шақыруымен өтті. QazInnovations Ұлттық агенттігінің AgriTech кешенінің форсайттық зерттеулерін бастау қарсаңында сала мамандарымен ынтымақтастық өте маңызды. Талқылау барысында ауыл шаруашылығы саласының түйткілді тұстары, міндеттер, жоспарлар туралы сөз болды. Қайрат Айтуғанов пен Төлеутай Рахымбеков (партия жетекшілері) QazInnovations компаниясының ауыл шаруашылыққа байыпты көзқарасы үшін алғыстарын білдірді. Қатысушылар қызығушылық танытты және білім мен тәжірибе арқылы зерттеулерді кәсіби қолдауға дайын. Анықтама: AgriTech секторы (агротехнологиялар) терең талдау үшін ҚР Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат кеңесі белгілеген негізгі үш бағыттың бірі болып табылады.