Инновациялар өңірлерге: қатыстыру және масштабтау Инновациялардың дамуы Қазақстан өңірлерінің экожүйесіне қатысу процесіне байланысты. Қазіргі мақсат инновацияның мүмкіндіктері мен пайдасы туралы жер-жерде түсіндіру ғана емес. біздің еліміздегі инновацияларды дамытуға барлық тиісті жергілікті институттарды тарту маңызды болып табылады. Экономикамыздағы инновациялық құрамды кеңінен насихаттау мақсатында Орал қаласында инновациялық стартаптардың алдын ала DemoDay шарасы өтті. Түрлі институттардың өкілдерінің белсенді қатысуын атап өткен жөн, соның ішінде: облыс әкімдігінің өкілдері Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрлан Нұрсұлтан, ҚР Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанна Бекқалиева; ҚР БҚО «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотов, IT HUB басшысы Рахымқұл Айтмағамбетов; IT қауымдастығының басшысы Петр Лежников. Стартаперлер өз әзірлемелерімен таныстырды және QazInnovations гранттарын алу, инкубациялық бағдарламалар мен инвестицияларды талқылауға белсенді қатысты. Бизнес қауымдастығы мен инвесторларды 2022 жылдың 30 қарашасында өтетін Demo day-ге тарту міндеті қойылды. QazInnovations грантын алушылардың кері байланысы. «Стекло-Сервис" зауытының директоры Аркадий Рубцов барлық өндіріс аймағын аралатты және гранттық қаражатқа сатып алынған жоғары технологиялық жабдықтарды көрсетті. Компанияның жетістіктері - жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін үлкен мотивация болып табылады. QazInnovations Басқармасының төрағасы зауыттың менеджментін Батыс Қазақстан облысының бизнес қауымдастығы мен инвесторларының арасында Qazinnovations бастамалары мен жобаларын қолдауға және насихаттауға шақырды.