Микро және шағын бизнеске бағытталған LegalTech және құжаттарды басқару саласындағы жаңа платформаның презентациясын біздің грант алушы – Договор24 компаниясы өткізді. Статистикаға сүйенсек, кәсіпкерлердің 55%-на дейіні өз мүдделерін толық қорғамайтын келісімшарттар жасайды. Алайда, әзірленген сервистің арқасында клиенттер кәсіпкерлік қызметтерінде қажетсіз заңды тәуекелдерден аулақ болады. Артықшылығы: жай ғана цифрлық құжат алмасу процесі емес, сонымен қатар бизнес мүдделерін қорғауға кепілдік беретін заңгерлік көмек. Технологияларды коммерцияландыру грантының сомасы 5 666 760 теңгені құрайды. Компания жобаны одан әрі дамытып, ауқымын кеңейтуді көздейді. Бірінші кезеңді оң аяқтаған жағдайда гранттық конкурстың екінші кезеңіне қатысуды жоспарлап отыр.