Технологияларды коммерцияландыруға арналған грант иегері - «Проманалитика» ЖШС @promprivod_org IDM-online жасанды интеллектінің көмегімен айналмалы жабдықтың күйін мониторингілеу жүйесі әзірлемесін сәтті іске қосты. QazInnovations-пен 2021 жылы 18 миллион теңгеге көлеміндегі Келісім-шарт жасалды. IDM-Online @idm_online жүйесі кәсіпорындар арасында үлкен сұранысқа ие. Ол жабдық тораптарының техникалық жағдайын үздіксіз бақылауға және анықтауға арналған. Механизмдердің ағымдағы техникалық жағдайын, ақаулардың түрлері мен даму дәрежесін анықтауға және тораптардың қалдық ресурсын болжауға мүмкіндік береді. Диагностикалау жабдықты тоқтатпай және бөлшектемей жүзеге асырылады; жабдықтың тиімділігі мен сенімділігін айтарлықтай арттыруға көмектеседі. Артықшылығы: жүйенің нақты уақыт режимінде жұмыс істеуі, бұл кез келген ақауларға қарсы жылдам әрекет етуге және апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе ірі кәсіпорындар үшін өте маңызды, мұнда жабдықтың аз уақытқа тоқтап қалуы айтарлықтай қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін. Қазіргі уақытта бағдарламалар «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-де орнатылған. Қазақстандағы ең ірі металлургиялық кәсіпорын «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да пилоттық сынақтар жүргізілуде. Сонымен қатар, Өзбекстан IDM-online жүйесін алуға қызығушылық танытуда: «Алмалық» ТМК» АҚ-да, сондай-ақ цемент өнеркәсібіндегі жетекші кәсіпорындардың бірі «Ахангарансемент» ААҚ-да пилоттық сынақтар жүргізілуде. QazInnovations Грант алушылары Рубрикасы