2024 жылғы 25-26 шілде аралығында Астанада Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің командалары үшін ұйымдастырылған Agile-трансформация бойынша екі күндік тренингтер өтті. Бұл тренингтер икемді әдіснамаларды мемлекеттік басқару процестеріне біріктірудегі маңызды қадам болды.
Тренинг аясында қатысушылар Scrum және Kanban әдістемелерін қоса алғанда, Agile негізгі принциптерімен жан-жақты танысты. Оқыту командалар ішіндегі өзара іс-қимылды жақсартуға және жобаларды басқару жүйелерін оңтайландыруға баса назар аудара отырып, мемлекеттік мекемелерде осы әдіснамаларды қолданудың үздік тәжірибелерін қамтыды.
Тренингті тәжірибелі Agile-жаттықтырушылар Роман Баранов пен Евгений Пустильник жүргізді. Сессия барысында қатысушыларға икемді әзірлеу манифесі, Agile қолдану саласы, Scrum рөлдері мен артефактілері, сондай-ақ Канбанның айырмашылықтары ұсынылды.
QazInnovations барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және біліктілігін арттыруға ұмтылғаны үшін алғыс білдіреді. Agile-тәсілдерді енгізу жұмыстың жеделдігі мен тиімділігін жақсартуға, сондай-ақ азаматтардың қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыруға бағытталған.