Бүгін Басқарма төрағасы Камиль Акатов және Басқарма төрағасының орынбасары Шынасыл Ерназар Марокко Корольдігінің Елшісі Мохаммед Рашид Маанинумен кездесу өткізді. . Кездесу барысында Qazinnovations өкілдері инновациялық экожүйені және қолданыстағы заңнамалық тетіктерді, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын, жобаларды іске асыруға инновациялық компанияларды тартудың тәсілдері мен мүмкіндіктерін, соның ішінде технологиялар трансферті және жобаларды оқшаулау әлеуетіне қатысты көзқарастарды таныстырды. . Тараптар Марокконың инновациялық жобаларды іске асыру және қолдау тәжірибесі, осы бағыттағы өзара коллаборация мүмкіндіктері, соның ішінде инвестициялық мүмкіндіктерді және технологиялық компанияларды тарту, сондай-ақ екі елдің нарықтарында отандық инновациялық шешімдерді кеңейту мүмкіндіктері бойынша егжей-тегжейлі талқылады. . Кездесу нәтижесі бойынша инновациялар саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру және Марокко инновациялық комьюнитиінің стейкхолдерімен нақты бастамалар мен бағыттар бойынша толығырақ кездесулер өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.