"Инновацияларды дамыту: «Digital Almaty» форумында ғалымдар мен бизнес арасындағы ынтымақтастық жайында талқылау болды

"Инновацияларды дамыту: «Digital Almaty» форумында ғалымдар мен бизнес арасындағы ынтымақтастық жайында талқылау болды

«Digital Almaty 2024» халықаралық форумында "Кәсіпкерлік қоғамдастық, ғылыми мекемелер мен мемлекет арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру тетіктері" панельдік сессиясы аясында бизнес, ғылым және мемлекеттік сектор өкілдері сөз сөйледі. «QazInnovations» ИДЖҰА» АҚ Басқарма Төрағасы С.Ж.Аханов Қазақстандағы инновациялық дамудың негізгі аспектілеріне өз көзқарасын білдірді. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов талқылаудың үйлесімді барысын қамтамасыз ете отырып, модератор рөлін атқарды. Басқа спикерлер қатарында Камиль Акатов, ғылым Қорының Басқарма төрағасы, Димаш Қонаев, Co-Founder, Omir Group технологиялық компаниясының CEO және Schulich startups (Канада) қауымдастығының мүшесі, Айбек Ерғожаев, «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» ЖШС басшысы, сондай-ақ бірқатар басқа сарапшылар болды. Талқылау инновациялық экономиканы дамыту және әртүрлі қызмет салаларына жаңа технологияларды табысты енгізу үшін стратегиялық маңызы бар кәсіпкерлер, ғалымдар мен мемлекет арасындағы ынтымақтастықты ынталандырудың құралдары мен тетіктеріне қатысты болды.

DSC_8329.jpg

IMG_7378_TIF.jpg