
Astana International University жанындағы «AIU Business Innovation» бизнес-инкубаторының инкубациялық бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Бағдарлама аясында білім алып, инновациялық жобаларыңызды дамытуға, сарапшылардың бағасын алуға және гранттық қаржыландыруға өтінім беруге мүмкіндік бар. Оқу бағдарламасы тренингтерді, шеберлік сабақтарын және жеке кеңестерді қамтиды. Қатысушылар бизнес-идеяларды генерациялау, тиімді бизнес-модель құру, қаржылық модельдеу, мақсатты аудиториямен жұмыс істеу, нарықты талдау, маркетинг, стратегиялық жоспарлау және цифрлық трансформация бойынша негізгі құралдарды меңгереді. Бағдарлама соңында қатысушылар өз жобаларын Demo Day барысында таныстырып, бизнес-сарапшылар мен әлеуетті инвесторлардан кері байланыс алады. Оқу аяқталғаннан кейін сізге «QazInnovations» Ұлттық агенттігі АҚ-ның гранттық қаржыландыруына қатысу құқығын беретін сертификат табысталады. Инкубациялық бағдарламаға жазылу топтар қалыптасуына байланысты үнемі жүргізіледі. Байланыс үшін: +7 777 1766158, +7 776 1762444 (WhatsApp арқылы жазылуға болады).