А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы – Қазақстандағы жетекші медициналық мекемелердің бірі. Оның негізі 1945 жылы қаланған ол өзінің озық хирургиялық жетістіктерімен танымал және халықаралық, кәсіби қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланады. QazInnovations Басқарма төрағасы Санат Аханов ҰҒХО Басшысы Болатбек Баймахановпен кездесіп, емдеу әдістері, хирургиядағы инновациялар, заманауи және дәстүрлі тәсілдер туралы кеңінен әңгімеледі. Клиника шетелдіктерден еш кем түспейді және күрделі ауруларды емдеу мен операция жасауда да алда болыа табылады.