2024 жылғы 11 маусымда GreenTech бағыты бойынша технологиялық болжаудың 1-кезеңінің қорытындылары және технологиялық платформаны іске асыру жөніндегі одан әрі болатын іс-шаралар талқыланды.
Брейнсторминг форматында өткізілген іс-шараға салалық мемлекеттік органдардың вице-министрлері (ЭТРМ, СРИМ, ҚР ЭМ), ОМО жетекшілік ететін департаменттерінің және квазимемлекеттік ұйымдар өкілдері, сондай-ақ ғылыми және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Олар бірге GreenTech форсайтының 1-кезеңінің нәтижелерін талқылады және технологиялық платформаны іске асыру стратегияларын әзірледі.
"QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы Санат Жолдыхан барлық қатысушыларға сындарлы диалог және қоғам мен болашақ ұрпақтың мүддесі үшін әрекет етуге дайындығы үшін алғысын білдірді. Талқылау нәтижелері GreenTech саласын инновациялық дамытудың нақты қадамдарын әзірлеуге негіз болмақ.