Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес құрамына кандидаттарды енгізуге арналған конкурстың созылғаны туралы хабарландыру

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес құрамына кандидаттарды енгізуге арналған конкурстың созылғаны туралы хабарлайды.

Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес – құрамына жобаларды коммерцияландыру саласында және инновациялық гранттар берудің басым салаларында тәжірибесі бар қоғамдық және салалық ұйымдардың өкілдері кіретін алқалы орган.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 7 сәуірге дейін жүзеге асырылады.

Қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. Pdf форматындағы өтініштер - өтініш нысанын жүктеу;
  2. Кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Білімі, сондай-ақ ғылыми дәрежесі туралы құжаттардың, лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың көшірмелері.
  4. Pdf форматындағы кандидат туралы мәліметтер - мәліметтер нысанын жүктеу.

Барлық құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде келесі электрондық поштаға ұсынылады: d.yesmagambetov@qazinn.kz

тел: +7 (7172) 72 55 83 (ішкі 207)

+7 777 447 29 95