«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес мүшелерінің құрамына қосуға арналған конкурстың ұзартылатыны туралы хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 31 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес – құрамына жобаларды коммерцияландыру саласында және инновациялық гранттар берудің басым салаларында тәжірибесі бар қоғамдық және салалық ұйымдардың өкілдері кіретін алқалы орган.
Қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- Pdf форматындағы өтініштер,өтініш нысанын жүктеу;
- Кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Білімі, сондай-ақ ғылыми дәрежесі туралы құжаттардың, лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың көшірмелері.
- Кандидат туралы мәліметтер, pdf форматында-мәліметтер нысанын жүктеу.
Барлық құжаттар мемлекеттік, орыс немесе өзге де тілдерде электрондық поштаға: o.sharipuly@qazinn.kz, тел. +7 (7172) 72 51 97 (207).
Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңестің қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты «QazInnovations» ИДҰА» АҚ ресми сайтынан мына сілтеме бойынша таба аласыз: https://qazinn.kz/ru/sovet-po-finansirovaniyu. Кеңестің қызметі туралы «QazInnovations» ИДҰА» АҚ Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес туралы ережесінен таныса аласыз.
26.03.2024