QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес мүшелерінің құрамына енуге арналған конкурстың басталғаны туралы хабарлайды. Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес - жобаларды коммерцияландыру және инновациялық гранттарды берудің басым бағыттары саласында тәжірибесі бар қоғамдық және салалық ұйымдардың өкілдері кіретін алқалы орган болып табылады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 31 наурызы, сағат 18:00-ге дейін. Қатысуға ниет білдіруші тұлғалар келесі құжаттарды ұсынуы тиіс: 📍 өтінім, pdf форматында; 📍 кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 📍 білімі туралы құжаттардың, сондай-ақ ғылыми дәрежелердің, лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың көшірмелері; 📍 кандидат туралы мәліметтер, pdf форматында. Барлық құжаттар мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде, қажет болған жағдайда басқа тілдерде ұсынылады, эл. пошта: b.rymgaliyev@qazinn.kz тел. +7 (7172) 72 55 83 (205) https://www.gov.kz/.../mdai/press/article/details/115819...