2023 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстанда өткен "Иннопром" халықаралық көрмесі аясында Красноярск өлкесінің инвестициялық және экономикалық әлеуетін таныстыру презентациясы өтті.
Іс-шараға қатысушыларға Красноярск өлкесі мен Қазақстан арасындағы экспорт және импорт саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айтылды. Қазіргі уақытта Қазақстан ЕАЭО елдері арасында өңірдің басты сыртқы сауда серіктесі болып табылады: республика тауар айналымы және экспорт бойынша 1-ші орында.
"QazInnovations" ИДЖҰА" АҚ "Енисей Сібірі" кешенді инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде ынтымақтастыққа шақырды. Атап айтқанда, өнеркәсіптік кәсіпорындарға "Красноярск технологиялық алқабы" арнайы экономикалық аймағы шеңберінде жобаларды іске асыру ұсынылды.
Сондай-ақ, халықаралық іс-шара барысында "Енисей Сібірді дамыту корпорациясы" дербес коммерциялық емес ұйымы ("Кресс" АҚ) мен "QazInnovations "Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" Акционерлік қоғамы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.