«Digital Bridge 2023» цифрландыру жөніндегі халықаралық форумда өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланған

2023 жылдың 12-13 қазанында Астана қаласында «Digital Bridge 2023: «AI and Human: The right balance» цифрландыру бойынша халықаралық форум өтеді деп жоспарлануда.

Форум өз алаңында соңғы цифрлық жетістіктер мен инновацияларды талқылау үшін мемлекет пен бизнестің, стартаптар мен венчурлық қорлардың, халықаралық және отандық сарапшылардың өкілдері, қазақстандық IT-қауымдастығының басын біріктіреді.

Ақпараттық технологиялар және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында форум ұйымдастырушыларымен салтанатты президиум үстелінде меморандумдарға/келісімдерге қол қою көзделген.

12 қазанда QazInnovations және келесі ұйымдар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумдарға қол қою рәсімі өтеді:

  • «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры
  • «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ.

Бүгінгі күні QazInnovations «Ғылым қоры» АҚ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК, сондай-ақ Тұран университеті, жоғары оқу орындарының бірлестіктері және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының бизнес-инкубаторлары мен акселераторлары сияқты ұйымдармен меморандумдарға қол қойды.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, сондай-ақ өңірлерді индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы Қазақстан Республикасы өңірлері әкімдіктерінің атқарушы органдарымен меморандумдарға қол қою сатысында болып табылады.