Данияр Бектенов гранттық бағдарламалар бойынша семинар өткізді

Семей – қазақ зиялыларының бесігі, Қазақстанның ең көне қалаларының бірі. Қазір ол қайтадан жаңғыруда. Мұнда Abai IT-Valley технологиялық кластері осында орналасқан - ол IT қауымдастығы, таланттар және технологиялық әзірлемелер үшін белсенді алаң болып табылады. Өңірді цифрландыруға үлес қосып жатқан орталық. QazInnovations сарапшылары кластердің жұмысын жоғары бағалады. Бұл күндері гранттық бағдарламаларды енгізудің алдағы жоспарлары, QazInnovations инновациялық жобаларына қолдау көрсету туралы жемісті талқылаулар өтіп жатыр. QazInnovations Перспективтік даму орталығының директоры Данияр Бектенов компания ұсынатын мүмкіндіктер туралы толығырақ айтты және гранттық бағдарламалар бойынша семинар өткізді. Барлық ақпарат халыққа және жұртшылыққа жетуі маңызды болып табылады. Бұл мәселеде: Абай IT-Valley директоры Бауыржан Наурызбаев; Alikhan Bokeikhan University ректоры – Шырын Құрманбаева; «Abai IT-Valley» жоба-менеджері Асхат Бейсембаев пен цифрландыру және IT-технологияларды дамыту мәселелері бойынша Абай ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қолдау білдірді.