24-26 қараша аралығында Алматыда маңызды оқиға - Creative Central Asia-2023 Орталық Азияның креативті индустрияларының жыл сайынғы форумы өтті. Іс-шараға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Оңтүстік Кореядан 100-ден астам сарапшылар мен индустрия өкілдері өңірдің креативті салаларының үрдістері мен дамуын талқылау үшін жиналды.
Форумда талқыланатын негізгі тақырыптарға кино, музыка, Білім, сән индустриясы және IT саласы кірді. Форум бағдарламасында жастардың әлеуметтік өрлеуі үшін креативті индустрияларды пайдалану, жайлы қалалық орта құру және креативті кеңістіктерді дамыту, креативті салаларда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және қазіргі әлемдегі аудио контенттің рөлі сияқты мәселелер бойынша панельдік пікірталастар болып өтті.
Сондай-ақ осы форумның пленарлық отырысында «QazInnovations» ИДЖҰА АҚ Басқарма төрағасы Санат Жолдыханұлы Аханов креативті индустрия мен инновациялар жайында айтып өтті.
ССА-2023 форумының басты мақсаты-креативті индустриялардың инфрақұрылымын дамыту, креативті кәсіпкерлікті ілгерілету және халықаралық инвестицияларды тарту.