Бугiн бизнес-инкубаторларды іріктеу конкурсы басталды Ұлттық агенттіктің перспективтік даму орталығының директоры Данияр Бектенов Jibek Joly халықаралық арнасының эфирінде бизнес-инкубациялаудың пайдасы мен QazInnovations қолдауы туралы айтты. "Байқауға экономиканың өзге де салалары қатыса алады. Ең бастысы, қатысушыда қызықты әрі тың жоба болуы жеткілікті. Стартап жаңашылдық, коммерциялық тартымдылық, ауқымды әлеует сияқты критерийлер бойынша бағаланады. Айта кетейік, қазақстандық бизнес-инкубаторлар 10 сәуірден бастап 10 мамырға дейін өз өтінімдерін бере алады.
- QazInnovations осы бағдарламаның операторы ретінде жұмыс істеп келеді. Биылғы жылы еліміздің барлық инкубаторлары арасында конкурс өткізу жоспарлануда, онда олар өтініш беріп, біздің кеңестің алдында өз бизнес-жобаларын ұсына алады. Кейін жобалар пулы жасақталған, тәжірибесі мол, әрі білікті командасы бар ең ұтымды деген инкубаторлардың жеңімпаздары анықталады. Бизнес-инкубаторларды қолдау бағдарламасы биыл 7 немесе 10 стартапшыға қолдау көрсетеді деп күтілуде, олар өз кезегінде 10-20 стартап идеяларын инкубациялайды. Кейін мемлекеттік гранттарға қатыса алады немесе жобаның оң және теріс жақтарын анықтаған кезде өз бетінше жүзеге асырады. Не болмаса жеке инвестиция тартады".