Бизнес-инкубаторлар және акселераторлармен өткен Алматы кездесулері жоғары деңгейде аяқталды

Бизнес-инкубаторлар және акселераторлармен өткен Алматы кездесулері жоғары деңгейде аяқталды QazInnovations мамандары ұлттық агенттіктің қолдау талаптарымен аудиторияны барынша егжей-тегжейлі таныстырды. Тұран университеті мен Дом 36 креативті хабы өз алаңдарын ұсынды. Қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық болғанын атап өтеміз. Бірлесіп проблемалық мәселелер және ұсынылған шешу жолдары талқыланды. Кейбір бизнес-инкубаторлар инкубациялық/акселерациялық бағдарламаларды жүргізу әдістемелері және тәжірибесімен бөлісті.Сондай-ақ жаңа бағыт – креативті индустрияны қолдау және дамыту мүмкіндіктері де қарастырылды. Іс-шараларға инновациялар, авиация, ғарыш индустриясы, хабтар саласының БИ өкілдері және басқа да экожүйе мамандары қатысты. Табысты ынтымақтастық үшін - Қазақстандық Университеттік бизнес-инкубаторлар мен акселераторлардың қауымдастығына @aubiak ерекше алғыс білдіреміз